Орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күресу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және оның санитарлық жағдайын жақсарту

Жалпы қадағалауды орман күзетінің қызметкерлері жүргізеді. Қадағалаудың бұл түрі орман алқаптарының, дақылдар мен питомниктердің қолайсыз жай-күйін уақытылы анықтау және зиянкестер мен аурулардың жаппай пайда болуын анықтау үшін көзделген. Жалпы қадағалау материалдары бойынша ақпараттандыру парақтары толтырылады.
Арнайы бақылауды әрбір нақты орман мекемесінде неғұрлым қауіпті орман жәндіктері мен ауру қоздырғыштарының түрлеріне жүргізеді. Ол жоспар бойынша жүзеге асырылып, таралымдар серпіні міндетті түрде айқындалады. Бақылаудың бұл түрін барлау және толық бақылау деп екіге бөледі.
Бақылау барлауын зиянкестің саны туралы көзбен шолып бағалау деректерін алу және оның өзгеруінің негізгі үрдістерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жыл сайын белгілі бір арнайы таңдап алынған екпелерде жүзеге асырылады. Іс-шаралар мерзімін осы өңірдегі зиянкестердің әрбір түрі фенологиясының нақты ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.
Толық бақылауды осы деректер негізінде олардың саны мен жай-күйінің серпініне көз жүгірту үшін зиянды жәндіктер таралымдарының сандық және сапалық сипаттамаларын айқындау мақсатында неғұрлым білікті мамандар жүргізеді.
Толық орман патологиялық зерттеу зиянкестер жаппай көбейетін орындар мен аурулар ошақтарында қажет. Осындай зерттеу материалдары ошақтарда күрес шараларын жүргізуге негіз болып табылады. Бұл жұмысты орман патологтарының тікелей басшылығының қатысуымен орман мекемелерінің мамандары орындайды. Барлық орман қорғау мамандары өз мекемелерінің аумағында карантиндік объектілерінің пайдал болуын қадағалап отыруға міндетті.
2013 жылы мемлекеттік орман қоры жеріндегі жалпы аумағы 950 га орман екпелеріне ильмалық жапырақжегішке қарсы екі мәрте улау жүргізілді. Мемлекеттік орман қоры жеріндегі жалпы аумағы 950 га орман екпелеріне ильмалық жапырақжегішке қарсы екі мәрте улау жүргізілді. Орман екпелерін улау дифлубензурон (демилин мен геркулес) қолданыла отыра жер бетілік әдіспен жоғары қуатты желдеткішті бүріккішпен жүргізілді. Әсерлілігі 85-90% құрады. Зиянкестерге қарсы улау мамыр айының аяғында және тамыз айының басында жүргізілді.