Жалпы су пайдаланудың қағидасы

Жоба
Ақтөбе облыстық мәслихатының
Ш Е Ш І М І
Ақтөбе қаласы № «___» ______2012 жыл
Ақтөбе облысының су нысандарында
ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-1-бабына, 3-бабының 2-тармағына, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ су пайдаланудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А. ЫБРАЕВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
ЖОБА
Бекітілді
облыстық мәслихаттың
2012 жылғы «____» _________ № шешімімен
Ақтөбе облысының су нысандарында ортақ су пайдаланудың
қағидалары
1. Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, 92-бабының 1-тармағына және 95-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-1-бабына, 3-бабының 2-тармағына, және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 1215 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ортақ су пайдалану – халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай – күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құырғылар қолданылмай жүзеге асырылатын су пайдалану;
2) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
3) су шарушылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
4) жер асты шаруашылық – ауыз сулары - өзінің табиғи жай – күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
5) сарқынды сулар – адамның шарушылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
6) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
7) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
8) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
3. Мынадай:
1) техникалық құралдары қолданбай, жер үсті көздерінен су алу кезінде;
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
3) кеме қатынасы және шығатын кемелерді пайдалану үшін;
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану ортақ су пайдалануға жатады.
Ортақ су пайдалану ортақ су пайдаланылатын су объектілерінде де, ортақ пайдалануға жатпайтын су объектілерінде де жүзеге асырылады және арнайы рұқсат болуын талап етпейді. 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасы Су кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда; жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.
4. Осы Қағидалар Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су нысандарын ортақ су пайдалану тәртібін анықтайды және меншік нысанына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
5. Су объектілерінде ортақ су пайдалану бойынша қызметтерді үйлестіруді және ұйымдастыруды Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары мен әкімдігінің лауазымды тұлғалары, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдары, су пайдалану мекемелері, кәсіпорындарының басшылары жүзеге асырады.
6. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында;
1) суға шомылу;
ескерту және тыйым салынатын белгіленген орындарда;
шлюздерде, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жеріне және басқа да ластау көздеріне алыс немесе жоғарыда көрсетілген ластау көздерінен кемінде 500 метр ара қашықтықта жақын орналасқан жерлерде;
температурасы төмен жер асты суларының шығатын көздері, айқындалған және жылдам су иірімдері, шұңқырлар және үлкен толқындарда;
судың ағу жылдамдығы 0,5 метр секудқа аспауы тиіс.;
сазбалшықты учаскелер мен қолайсыз және қауіпті табиғи факторлардың мүмкіндігін болдырмау, (жағалау шөккен және шұңқырсыз болуы, су айдынының түбі құмды болуы, балдырлардан, бұталардан және үшкір тастардан таза болуы тиіс).
2) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, халықтың санитарлық – эпидимиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның тұтас алғанда осы су объектілеріне оң қорытындысы болған жағдайда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.
3) санитарлық қорғау аймақтарында және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстарнуын болғызбайтын басқа да құрылғылар болмаған жағдайда су объектілерін ортақ су пайдалану тәртібінде мал суару үшін пайдалануға;
4) шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу су айдындарының адамдар көп шоғырланатын жерлерде, зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланатын шағын кемелерден және басқа да жүзу құралдардан басқа сонымен қатар ұйымдарстырылған жағажайларда қолданатың шағын кемелер мен жабдықтарда тыйым салынады;
7. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде су айдынындағы суды шомылатын кезеңнің басында жыл сайын кемінде екі рет химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша химиялық – микробилогиялық тексеруден өткізу қажет.
Шомылу кезеңінде су айдынындағы су айына кемінде екі рет химиялық – микробиологиялық тексеруден өткізіледі (сынама кемінде екі жерден алынады). Су шомылу аймағынан бір километр жоғары ара қашықтықтағы ағыннан және шомылу аймағының екі жағынан 0,1 – 1,0 километр ара қашықтықтағы судан, сондай – ақ шомылу аймағының шекарасында алынады.
8. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы қызыл түсті қалқымалы белгілермен белгіленеді.
9. Облыс маслихаты суда жүзетін жабайы құстар, бағалы терілі аң түрлері, балық ресурстары және жануарларының тіршілік ортасы болып танылған су объектілерінде ұя салу және уылдырық шашу кезеңінде ортақ суды пайдалану құқығына шектеу белгілейді;
10. Мемлекеттің қауіпсіздігі және еліміздің қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны және тарихи – мәдени мұраларды, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа тұлғалардың заңды және құқықтық мүдделерін қорғау мақсатында жеке су объектілері мен олардың бөліктері пайдалануға шектеулі, тоқтатылуы және тыйым салынуы мүмкін.
11. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшін су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиіс.
12. Ортақ су пайдалануға шарттар немесе тыйым салуды белгілеу үшін оқшау немесе бірлесе су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыс маслихатына ортақ су пайдалану шарттарын белгілеу немесе тыйым салу қажеттілігін негіздейтін ұсыныс ұсынуы қажет.
13. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын
белгілеу негізсіз болған жағдайда облыс маслихаты ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан жазбаша хабардар етеді.
14. Шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды басқа шарттары туралы халықты облыс маслихаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, арнайы ақпараттық белгілермен хабардар етеді.
15. Ортақ су падалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнату бойынша шығындары осы су объектілері оларға жеке немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар өткереді.
16. Бекітілмеген су объектілерінде осы Қағидаларды Бұзғаны үшін айыппұл мөлшері туралы ескертулер бар тыйым салатын белгілер мен плакаттар орнатуды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
17. Су объектілерін мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан сонымен қатар, көпшілік демалу орындарынан, мәдени – тұрмыстық, рекреациялық және спорттық мақсаттағы жерлерден тыс жерде және суат алаңдары мен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол беріледі. Суат алаңдарын жайластыру жөнінде іс – шараларды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
18. Су пайдаланушылар су қорғау іс – шараларын жүзеге асыруға, белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына, жер үсті және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына, санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның тиісті негіздемесі мен шешімінсіз ауыз су сапасындағы суды өндірістік және басқа мұқтаждарға пайдалауға жол бермеуге тиіс.
19. Су шаруашылығы құрылыстарының меншік иелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың техникалық жай – күйінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікте болады.
20. Суда азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, су объектілері иелерінің, су пайдаланушылар мен ұйымдардың меншік нысанына қарамастан міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
21. Кеме қатынасы қауіпсіздігі, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жүктердің сақталуы мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалысын шектеу немесе оларға тыйым салу Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы заңдарымен реттеледі.
22. Осы қағиданың сақталуын бақылауды ішкі істер және санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау органдары өз құзірет шегінде жүзеге асырады.
23. Осы қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.