Кеңес өткізілді

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ағымдағы жылдың 23 мамырында, облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен Ақтөбе облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша, жер қойнауын пайдаланушыларымен келісімшарттық міндеттерді орындау сұрақтары бойынша кеңес өткізілді. Кеңестің қорытындысы бойынша келісімшарттық міндеттерді жүйелі түрде орындамайтын жер қойнауын пайдаланушылармен бір жақты тәртіппен келісімшарттарды мерзімінен бұрын тоқтатуды бастауға шешім қабылданды.