Ақпараттық хабарлама

Жануарлар дүниесін пайдалану рұқсатын алу бойынша түсініктеме
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заманауи қоғамда аса маңызды екені анық. Бұдан басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылады.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі, мемлекеттік органдардың өз қызметіне есеп берушілік және ашықтығы қазіргі кезде мемлекеттік қызметте көкейкесті мәселе болып табылады.
Қызмет алушы азаматтарға әдептілікпен қызмет көрсетуіне, өз міндеттерін жедел әрі нақты орандауға айрықша көңіл бөлу аса маңызды көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізілу және қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермей қызмет көрсетіліп жатыр.
Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толық және анық ақпарат алуын және стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қамтамасыз етілуде.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 12.30-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі және қызмет алу тәртібі қосымша кестеде көрсетілген.