«Мектепке жол» акциясы

Биылғы жылыда «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі қызметкерлері осы акцияға қатысуға ниет білдірді. Табысы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында, Басқарма тарапынан Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны Қуандық Нұрислам Серікұлын оқу-құралдарымен, мектеп киімдерімен қамтамасыз етті.