Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу туралы және мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде семинар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» № 40 бұйрығы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Шара қатысушылары семинарға белсенді қатысып, қойған сұрақтарына толық жауап алды.