2017 жылы орындалған жұмыстар қорытындылары туралы

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстары саласындағы мәселелерді реттеу кіреді.
Ақтөбе облысында өнеркәсібі дамыған өңір ретінде аграрлық облыстарға қарағанда қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне үлкен жүктеме түсуде, яғни:
- мұнайгаз, металлургия, химиялық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардан атмосфералық ауаға ластаушы заттардың бөлінуі;
- тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпорындардан қалдықтардың үлкен көлемде бөлінуі;
- ағын сулардың су нысандарына және жер бедеріне төгілуі.
Облыс тұрғындарының басым бөлігі облыс орталығында тұратындығы бәрімізге белгілі. Ақтөбе қаласының басты экологиялық проблемаларының бірі атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару проблемалары мен көгалдандырудың жеткіліксіздігі.
Облыс орталығындағы жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін екі жылдан бері Экологиялық жағдайды жақсарту Жоспары жүзеге асырылып келеді:
Ақтөбе қаласының кәріз жүйесі құрылғыларын қайта жаңғыртуға ТЭН әзірленді (73,8 млн. теңге);
жеке тұрғын секторлардан ағын суларды қабылдауға арналған Кірпішті ауылынан, Өнеркәсіп аймағынан және 41 бекеттен 3 ағын суларды қабылдау станциялары салынды (3 станция құрылысының құны – 336,3 млн. теңге);
тұрғындар қалашығындағы ұзындығы 13 шақырым өздігінен ағатын кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға ЕДБ-мен келісім-шарт жасалды (қайта жаңғырту құны – 607,0 млн. теңге);
қала аумағындағы 51 өндірістік кәсіпорындарында ағын суларды тазартуға арналған жабдықтар орнатылды;
мұнай өндіруші компаниялармен ілеспе мұнай газын утилизациялау үлесін арттыру бойынша шаралар қабылданды (97,4%);
бюджеттік ұйымдардың автокөліктері газ отынына көшірілді (825 бірлік);
облыс бойынша автокөліктердің жалпы санының 18,1% газ отынына көшірілді;
қаланың 64 көше қиылысы қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қосылды;
«Таза ауа операциясы» жүргізілуде және 939 автокөлік тексеріліп, нормативтен асып кетуі жағдайы бойынша 315 дерек анықталды, жұмыстар жалғастырылуда.
«Ақтөбе қаласының жасыл аймағы» жобасы, аудан орталықтарынан салынатын ҚТҚ полигондары құрылыстары жобасы және қаланың өнеркәсіп аймағындағы барды жинақтағышты рекультивациялау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Облыс бойынша талапқа сай Алға, Шалқар және Хромтау қалаларында ҚТҚ полигондары бар, ал қалған елді-мекендерде тек арнайы ҚТҚ жинақтау орындары белгіленген. 2016 жылы Мәртөк, Қобда және Қарауылкелді, ағымдағы жылы Шұбарқұдық және Батамша елді мекендерінен полигон салуға ТЭН әзірленді.
Қазіргі таңда өңірімізде қайталама шикізатты жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын 14 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер жұмыс жасауда. Олармен қайта өңделетін қалдық көлемі жалпы түзілетін ҚТҚ көлемінің 2,5% құрайды.
Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау зауытының құрылысы аяқталып, мамыр айында іске қосылды. Қазіргі таңда кешеннің бірінші желісі іске қосылды және күніне сұрыптауға 30 машина қоқыс қабылдауда.
Полигонға әкелінетін барлық қалдықтар (шамамен жылына 160-180 мың тонна) көмілерден бұрын кәдеге жарамды компоненттері, яғни іріктеліп алынған пластик, қағаз, шыны және металл қалдықтары қайта өңдеуге жіберіледі.
Көкжиде құм алқабы жерасты тұщы су кен орнын сақтау мақсатында бұрын құрылған гидрогеологиялық ұңғыма торабы арқылы жерасты суларының сапасына бақылау жүргізіліп келеді. Мониторинг жүргізілген уақыттарда судың құрамында мұнай, ауыр металлдар және тағы да басқа ластаушы заттардың болу фактілері анықталып отыр. Қазіргі таңда, салалық министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік экологиялық сараптама, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу процедуралары электрондық портал арқылы жүргізіледі.
Басқармаға 2017 жылы 432 жобалық материалдар түсіп, соның ішінде 398 материал қарастырылып, 194 жобаға келісім беріліп, 204 жобаға келісім берілмей қайта өңдеуге жіберілді.
2017 жылы ашық отырыс нысанында 132, сауал нысанында 60 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
Басқармамен 2, 3 және 4 қауіптілік санатты обьектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру функциялары атқарылады.
2017 жылы басқармаға рұқсат құжатын алуға 1420 сұраныс материалдар түсіп, оның 987 рұқсат беріліп, 433 материалдар қарауға қабылданбай түзетуге жіберілді.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында орман аумағы территориямыздың 0,17% құрайды. Облыс бойынша мемлекеттік орман қорының ауданы 987 812 га, соның ішінде орманмен көмкерілгені 52 837 га.
Соның ішінде, облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 215 814 га, орманмен көмкерілгені 48 167 га, яғни облыс бойынша орман қорының 22,3%. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 221 га артты.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі бар.
Қазіргі таңда жалпы ауданы 44 гектарды құрайтын 7 орман тәлімбақтары пайдаланылуда. Ағымдағы жылы орман тәлімбақтарында ағаш және бұта көшеттерінің 31 түрлі 4,5 млн. екпе материалдар мен көшеттер өсіріліп шығарылды. Өсірілген көшеттер облыстағы орман қоры жерін молықтыруға, облысымыздың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарына жұмсалып келеді.
Үстіміздегі жылы мемлекеттік орман қоры аумағына жалпы ауданы 850 га алқапқа ықтырмалы әдіспен орман екпелері отырғызылды.
Ақтөбе қаласының жасыл белдеуін кеңейту мақсатында 1147 га алқапта жасыл белдеулер құрылды, сонымен қатар аудандарда 67 га (Алға – 14 га, Әйтеке би – 1,5 га, Байғанин – 1,5 га, Ырғыз – 2,5 га, Қарғалы – 4,5 га, Мәртөк – 5 га, Мұғалжар – 0,5 га, Темір – 2 га, Ойыл – 2,5 га, Қобда – 8 га, Шалқар – 25 га) жасыл белдеулер құрылды.
Облыс аумағындағы ормандардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағындағы, автокөлік және темір жолдар бойындағы қураған орман ағаштарын кесіп шығару жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылы 878,6 га алқаптан 14915,5 мың м3 қураған орман ағаштары кесіліп шығарылды.
Облыс аумағындағы табиғи орман алқаптарын мемлекеттік орман қоры аумағына енгізіп, қорғауға алуда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі таңда облыс аумағындағы 66 мың 295 га табиғи орман алқабы жеке және заңды тұлғалардың меншігінде екендігі анықталып отыр. Осыған орай, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен оларды мемлекеттік орман қоры аумағына енгізу бойынша шаралар жүргізілуде.
Мемлекеттік орман қоры аумағындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ормандарды зиянкестерден, орман-дала өрттерінен, браконьерліктен қорғауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Үстіміздегі жылы жоспар бойынша мемлекеттік орман қорын өрттен қорғау мақсатында қосымша 28 панно орнатылды, 471 км минералданған жолақ салынды, жылдық жоспардағы 19555 км минералданған жолақтарға күтім жасалды орындалды, 212 км өрт жағдайында қолданылатын жолдарды жөндеу жұмыстары орындалды.
Атқарылған шараларға қарамастан, ағымдағы жылы облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерінде 809,51 га алқапты қамтыған 8 өрт оқиғасы тіркелді, соның ішінде 138,9 га орманмен көмкерілген алқап. Соның ішінде: 2 жағдай Ақтөбе орман шаруашылығы жерлерінде, 4 жағдай Мәртөк және 2 жағдай Қобда орман шаруашылығына қарасты мемлекеттік орман қоры жерінде орын алды.
Бұл жағдайлар орман мекемелері басшылығының (Ақтөбе, Мәртөк), осы мекеменің орман өртін сөндіру станциясының өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан туындап, арнайы комиссия құрылып, комиссияның қорытындысына сәйкес жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылды.
Қазіргі таңда облыс аумағында жергілікті маңызы бар 3 ЕҚТА бар:
Орман шаруашылығының қарауында болатын заңды тұлға мәртебесi жоқ жергілікті маңызы бар ЕҚТА:
1. Қарғалы ауданындағы «Эбита» жалпы аумағы 83 770га, 2010 жылы 19 ақпанда құрылды (5 шаттық бірлік);
2. Мұғалжар ауданындағы «Көкжиде-Құмжарған» жалпы аумағы 43 977га, 2013 жылы 23 қаңтарда құрылды;
3. Мұғалжар ауданындағы «Оркаш» жалпы аумағы 33 395га, 2012 жылы 12 желтоқсанда құрылды.
Осыған қоса, ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қаулысымен «Мәртөк» және «Қобда» 2 ЕҚТА құрылды.
Ағымдағы жылы «Ойыл» жергілікті маңызы бар мемлекеттік қаумалының жаратылыстану ғылыми негіздемесі жасалды.
Ақтөбе облысының аумағында 165 ГТҚ бар, олардың 132 коммуналдық меншікте, 21 жеке меншікте, 12 республикалық меншікте.
Ырғыз ауданында орналасқан 6 тасқын судан қорғауға арналған дамбаларына және Қарғалы ауданындағы Әлімбет-2 бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жұмыс жобасы жасалды.
Қазіргі таңда барлық қорғаныс дамбаларына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, барлығы 323 469,6 мың теңге көлемінде қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім жасалды. Коммуналдық меншіктегі 4 ГТҚ-ға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс жобаларын әзірлеу үшін 8 млн. теңгеге бюджеттік өтінім дайындалып, Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.
Қазіргі таңда 55 су айдындары балық шаруашылығын жүргізуге бекітілді (2015 жылы – 26, 2016 жылы – 16, 2017 жылы – 13).
Әзірленген биологиялық негіздемеге сәйкес, 2017 жылға облыс бойынша 245 тонна балық аулау лимиті бөлінді, ағымдағы жылы 54 рұқсат 219 тоннаға аулауға берілді, сонымен қатар 3 рұқсат 120 тоннаға артемия балық түрін аулауға беріліп, бюджетке 15,3 млн. теңге түсірілді, қалған 26 тонна балық аулау лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін игерілетін болады.
Қазіргі таңда табиғатты пайдаланушылармен 150,4 тонна балық ауланды. Облысқа бөлінген лимиттің 65 пайызы Ырғыз ауданына тиесілі, бұл өңірдегі көлдер Торғай зоологиялық қаумалының шекарасында болғандықтан балық аулау мерзімі қыркүйек айынан басталды.
Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес Елек өзенінің бекітілмеген учаскесіне «Ардағым» ШҚ-мен 300 мың дана балық шабақтары жіберілді.
Сонымен қатар, балық ресурстарына тигізілетін кері әсерін жою үшін «Айс»ЖШС және «РадАгро» ЖШС-мен Елек өзеніне 15 111 балық шабақтары жіберілді.
Ағымдағы жылы жануарлар дүниесін пайдалануға 327 рұқсат беріліп, 6 837,7 мың теңге көлемінде қаражат бюджетке түсірілді.
2017 жыл бойынша облыс аумағында 41 аңшылық алқап бар, оның ішінде 2 аңшылық алқап ағымдағы жылы бекітілді және 9 аңшылық алқап үстіміздегі жылы бектілетін болады.
Жануарлар дүниесін қорғау бойынша тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында автокөлік жолдарының бойында 2 билбордта ақпараттық баннерлер орнатылды.