Ақпараттық хабарлама балық шаруашылығы су айдындары және учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурс 24,07-08,08,2018

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, (030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 623 каб.) «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекітіп беру» бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы жариялайды.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және нақты мінездеме конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк сай келетін барлық конкурсқа қатысушылар жіберіледі.
Конкурстық құжаттар пакетін 2018 жылдың шілде айының 24-нен тамыз айының 8-не дейін жергілікті уақыт бойынша сағ 9.00- 18.00 ге дейін келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 623 каб.
Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу үшін конкурсқа қатысуға тілек білдірген конкурсқа қатысушы тұлғалар келесідегідей ақпараттарды (конкурсқа қатысушының толық атауы, орналасқан жері, телефоны, конкурсқа қатысушының өкілінің аты-жөні, конкурсқа қатысушының өкіліне сенімхат берілген уақыты және жеке куәлігінің мәліметтері көрсетілу) ұсынуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдер конвертке салынып конкурсқа қатысушылармен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ келесі мекен-жай бойынша беріледі: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб.623.
Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2018 жылдың 8 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағ. 9-00 ден 18-00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2018 жылғы 9 тамызда жергілікті уақыт 11-00-де келесі мекен-жайда ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. 623. Конкурсқа қатысушылар конвертті ашуда қатысуына болады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7132) 54-07-83, факс: 8 (7132) 55-09-34.