Су ресурстары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесін қорғау бөлімі

Су ресурстары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесін қорғау бөлімі
Лауазымды тұлғалар
Байланыс деректері
Тасбулатов
Болат Ербулатович
Бөлім басшысы
8 (7132) 54-07-83
Нурманова
Жумагуль Айсаевна
Бас маман
8 (7132) 54-07-83
Нуркасымова
Кундыз Мырзабекова
Бас маман
8 (7132) ) 54-07-83
Бөлімнің негізгі міндеттері
- су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- су ресурстарын рационалды пайдалану, қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу және дайындау;
- бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеуге материалдар дайындау;
- конкурстық негізде белгілеген тәртіппен су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру жөнінде материалдар әзірлеу;
- жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзiрлеу;
- жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беру;
- жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуге дайындау;
- жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер дайындау;
- жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;
- аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;