Жиі қойылатын сұрақтар

1. Бекітілмеген аңшылық шаруашылықтарын бекітуге конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Конкурсқа қойылатын талаптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығында келтірілген немесе төмендегі сайттан қарауға болады http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011227
- бекітілген нысанға сәйкес өтінім;
-өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
- жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);
- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 ж. 31.03. №18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша қаржыландыру көздері мен көлемі, жұмыс ауқымы (қорғау, өсімін молайту және биотехникалық іс-шараларды қоса алғанда) көрсетілген екі жылға арналған аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарын (түпнұсқасы);
Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған анықтаманың түпнұсқасын (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі) қамтиды, ол конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеуге тиіс;
- салық берешегінің және міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органының конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен екі айдан ерте берілмеген ҚР Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5446 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттар жүргізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша анықтамасын (бұдан әрі – салық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтаманы) (көшірмесі);
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген машиналардың болуы немесе болмауы туралы мемлекеттік техникалық инспекцияның анықтамасын;
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қатысушының атына көлік құралдарын тіркеу туралы куәлігі;
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына осы конкурстық құжаттаманың №16 қосымшада көрсетілген материалдық-техникалық құралдардың болуын растайтын құжаттарды;
Аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандардың болуын растайтын құжаттарды (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері) қамтиды.
3.3. Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен берілді, бұл ретте соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (егер болса, жеке тұлға үшін), мөр басылған конвертте Конкурсқа қатысушының атауы мен мекен-жайы көрсетіледі.
Бірнеше аңшылық алқаптарға өтінім әрбір аңшылық алқабына жеке-жеке дайындап, оларды мөр басылған әрбір аңшылық алқабына жеке-жеке дайындалып, оларды мөр басылған әртүрлі конверттерде береді.
2. Жануарлар дүниесін пайдалануға төленетін төлем қандай негіздемеге сәйкес жүргізіледі?
Салық кодексіне сәйкес әрбір жануарлар түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілген.
Мысалы: бөлінген лимит 40 дана түлкі х 2405 АЕК х 0,20 төлемақы мөлшерлемесі = 163540 тг жануарлар дүниесіне рұқсат алу үшін төленетін төлем.