Парасыз болашаққа. Бірге!

«Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар арасында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы өтуде
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұжымымен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірді.
Департамент қызметкерлерімен жобалық кеңсенің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті дерт екені атап өтілді.
Сонымен қатар, «Антыңа адал бол! Арынды сыйлыққа сатпа!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратылды және қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.