Хабарлама

Сізге «ӨКМ Операторы» ЖШС 2019 жылдың қазан-қараша айларында келесі тендерлерді жоспарлайтындығын хабарлаймыз:
1. Шиналармен (пайдаланылған шиналар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) пайдаға асыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер;
2. Шиналармен (пайдаланылған шиналар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинауды және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер;
3. Тұтыну қасиеттері қаптамасымен жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) пайдаға асыруды ұйымдастыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер;
4. Маймен (өтелген майлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) пайдаға асыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер;
5. Маймен (өтелген майлар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинауды және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер;
6. Электр аккумуляторларының тұтынушылық қасиеттерін жоғалту нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) пайдаға асыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер.
7. Электр және электрондық жабдықтардың тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және пайдаға асыруды ұйымдастыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған тендер.
Оператор сатып алуға қатысуды жоспарлаған тұлғаларға кез-келген әлеуетті жеткізушінің тендерге қатысуға құжаттарды дайындау бойынша кеңес алу үшін Оператормен байланысуға құқығы бар екендігі туралы хабарлайды. Консультацияны 8 (7132) 72-79-60 телефоны бойынша және (немесе) info@recycle.kz электронды мекенжайына сұрақ жіберу арқылы тегін алуға болады.
Тендерлік құжаттаманың тізімін recycle.kz сайтында «Сатып алу» («Закупки») бөлімінен табуға болады.