-

2019 жылы Әзірбайжан Халықаралық Банкінің бағалы қағаздарына салынған зейнетақы активтері инвестициясы БЖЗҚ салымшылары үшін оң нәтижемен аяқталды. Соған қарамастан әлеуметтік желілерде осы тақырыптағы талқылау әлі де жалғасып келеді және көбіне қате ақпарат беріледі. Осыған байланысты, сөз болып отырған инвестицияға қатысты толық ақпаратты тағы да  назарларыңызға ұсынамыз.
2014 жылдың қазан айында ҚР ҰБ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін Әзірбайжан Халықаралық банкінің (ӘХБ) шамамен 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы облигацияларына инвестициялаған болатын.   2016 жылдан бастап ҚР ҰБ ӘХБ облигацияларын мерзімінен бұрын (ішінара немесе толық) өтеу мүмкіндігіне қатысты белсенді жұмыс жүргізді. Алайда ӘХБ-нің қаржылық мүмкіндігі болмағандықтан, бұл үрдіс орын алмады. Сонымен қатар Ұлттық Банкте де өтеуді мерзімінен бұрын талап ету үшін заңды негіздер  болған жоқ. 2017 жылдың 11 мамырында ӘХБ өз міндеттемелерін ерікті түрде қайта құрылымдау туралы жариялады.  ӘХБ борыштың тиісті түрлері үшін қайта құрылымдау нұсқаларын: аға борыш, реттелген борыш және саудалық қаржыландыруды ұсынды. БЖЗҚ инвестициялары қайта құрылымдаудың төмендегі 3 опциясы ұсынылған аға борышқа жатқызылды: 1. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы $250 млн. мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі $200 млн. көлеміндегі берешегі түріне 12 жыл (2029 жылға дейін) айналыс мерзімімен  және жылдық 5,125% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.2. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы $250 млн. мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түріндегі $250 млн. көлеміндегі берешегі түріне 15 жыл (2032 жылға дейін) айналыс мерзімімен  және жылдық 3,5% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.3. ӘХБ-ның БЖЗҚ алдындағы $250 млн. мөлшеріндегі ағымдағы міндеттемелерін ӘХБ-нің $250 млн. жаңа шығарылым облигацияларына 7 жыл (2024 жылға дейін) айналыс мерзімімен  және жылдық 3,5% купондық сыйақы мөлшерлемесімен айырбастау.  
Осы үш опцияның лайықтысын таңдауды ҚРҰБ ҚР Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырды.Таңдалған опция тәуекел тұрғысынан неғұрлым оңтайлы болып табылады, өйткені ӘХБ міндеттемелерін номиналды құнын жоғалтпастан және ӘХБ-ға қарағанда неғұрлым жоғары кредиттік мәртебесі бар Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің Егемен борышына айырбастауды көздеген. Бұл ретте міндеттемелері үлкен борышқа жатқызылған шетелдік кредиторлардың көпшілігі осы опцияны таңдаған.ӘХБ-ның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау үдерісі 2017 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталды. Нәтижесінде зейнетақы активтерінің портфеліне Әзірбайжан Республикасының номиналдық құны $258,3 млн. мемлекеттік бағалы қағаздары алынды. Оның ішінде 09.04.2017 ж. бастап 31.08.2017 ж. дейінгі кезеңде төленбеген купондық сыйақы үшін өтемақы ретінде есептелген $8,3 млн. өтемақы да бар.  Қолайлы нарықтық конъюнктураны пайдаланып, Ұлттық банк 2019 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің бағалы қағаздарын толық көлемде сатып, аталған инвестициядан біржолата шықты. Жалпы инвестициялау нәтижесі мынадай: • ӘХБ облигацияларын сатып алу сомасы $249,95 млн. (немесе 45,4 млрд. теңгені) құрады, • Әзірбайжан Үкіметінің облигацияларын сатудан және купондық сыйақы алудан түскен қорытынды сома $292,38 млн. (немесе сату күніндегі ағымдағы бағам бойынша 105,77 млрд. теңгеге) тең. • ӘХБ облигацияларын сатып алған сәттен бастап және Әзірбайжан бағалы қағаздарын сату күніне дейін АҚШ долларында алынған барлық сыйақыларды ескере отырып, инвестициялардың жиынтық кірістілігі (IRR) жылына 4,1% (теңгеге шаққанда жылына 24,2%) болды. • БЖЗҚ-ның осы инвестиция бойынша алған жалпы инвестициялық табысы $42,43 млн. (60,37 млрд.теңге) құрады.
#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ИнвестициялықТабыс