egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзінді

Сіздің назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзінді көшірмені екі түрлі форматта алуға болатынына аударамыз:
1) зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәліметтер инвестициялық кіріс есебінсіз көрсетіледі;
2) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы инвестициялық кіріс есебі қамтылған ақпарат.
Дәл осы себеппен кейбір салымшылар мен алушылар үзінді көшірмелердің аталған екі түрін салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көреді.
Сізге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебі көрсетілген үзінді көшірмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берілетін үзінді көшірмені алуға кеңес береміз.
#БЖЗҚ #ENPFKZ #ЗейнетақыҚоры #ЖЗШ--